«Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтуде.

«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтуде. Т.Рысқұлов ауданы тұрғындары бұл бастаманы белсенді қолдап отыр. Акция аясында барлық елдімекендерде 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі таңда елдімекендерде «Жасыл аймақ» акциясы аясында көшет отырғызу, тал-дарақтарды әктеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы апталарда «Өнегелі ұрпақ»- ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылатын болады. Барлық ауылдық округ тұрғындарын аулаларды, алаңдарды, көшелерді санитарлық тазалауға белсенді қатысуға шақырамыз.





